| Текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 22 Просмотров: 2 0 чел. считают текст песни верным 0 чел. считают текст песни неверным Тут находится текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 22, а также перевод, видео и клип. Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к...не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті. Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар. Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес. Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым. 1894 Я думал, что каждый раз, когда я люблю и уважаю меня в Казахе. Если вы хотите ценить свое тело, у вас нет богатых. Если он богат, не будет ли это не его собственная голова, его домашний скот? Ни один богатый богат - плоть их скота. Некоторые богатые сами дают сотне, чтобы спорить с кем -то и распространяет его скот. Думает: из -за сокровища, это глупо. Нет, он сдается. Не начинается, а не нежные и джентльмены, надевают свою страну, свою землю, открыл свой скот и домашний скот. Некоторые богатства, и когда они не могут позволить себе разграбление, и если они не могут получить риски, они неизбежны, которые не являются сильными, которые неизбежны, которые неизбежны. Если вы хотите уважать джентльменов, ясно, что в наше время, а не в стране, есть много скота. Он сэр, если кто -то принесет одну прибыль. Кто -то был сумасшедшим после его ... или дорогой солью солью, он и кто участвуют в талайе. Если вы хотите уважать ставки и танцы, Бога и властей нет в стране. Не существует свойства мощности и мощности, которая купила, процветает и избивает. Если вы хотите уважать самую сильную, всю страну сильна, а самый сильный человек не в стране. Вы не в земле справедливости, стыда и объекта. Все в стране сложно, ужасно, нечестно и амаль. Несмотря на то, что вы хотите почтить дисару, на которой танцуют Ганез-Касар, он не является результатом кротости. Если у вас есть емкость, у вас есть несколько разных вещей. Нигде не оставаться у власти и ужаса, они не видят мира, не удаляя их. И кто любил кого, кто любил, кто хотел пожелать? Пусть это противостоит изношенным и подниму. Теперь, если вы не хотите отказываться от его еды, они не хотят отказываться от того факта, что они не могут сдаваться и не отказываться еда, но не совсем успокаивает его еду. Я не мог найти щелчок. 1894 Опрос: Верный ли текст песни? ДаНет Вконтакте Facebook Мой мир Одноклассники Google+ | |