Текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 28Просмотров: 6 0 чел. считают текст песни верным 0 чел. считают текст песни неверным Тут находится текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 28, а также перевод, видео и клип. Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді - бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп. Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандылыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бәрі құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур рахимдығына, әділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те - бәрі құдайдың өзінікі. Бұл қылғанын не дей аламыз? Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең, ол сөзің құдай тағаланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандығыменен не табады? Бәрін қылушыға қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын ешнәрсе жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылса дағы құдайдан келген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе? Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады. Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан - құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе - жоқ. Эй, мусульмане! Если кто-то богат, кто-то болен, кто-то болен, кто-то хорошо, кому-то хорошо, кому-то хорошо, кто-то выселить, вы говорите, вы говорите, вы говорите, что вы были предметом Божьего творения. И потом, у нас был праведным, что Бог не имеет вины, без огрехов. Теперь Бог дал вам unlaboratory животных к другому. Он не будет плохо отремонтирован, но и отремонтировать его сын, не имея на работу из одного Бога. Оказывается, чтобы быть стабильной легкой болезни никому. Где вор, исцеление зала, чтобы быть здоровым. Его родители счастливы, чтобы сделать один из двух детей. Тамы этого постановление, что он будет оформлен, и построить дорогу. Говорят, что я сделаю лошадь в ад, в то время как я говорю, что я буду делать плохой, и сумел манифеста один за ними, и обратился один с его божественной силой. Все это заслуживает штраф, совершенный великолепный wondur и справедливость? И люди, и имущество все Бога самостоятельно. Что мы можем сказать, что? Он делает свою собственность. Не говорите ли вы, что ваше слово не виноват, и вы не благословлены Богом, но вы не можете благословить вас, Что считает, что в случае своего времени? Это способ сделать все. Там нет ничего общего с другими. Как мы говорим, что хорошо, кто хочет сделать указ Бога в том, что он может сделать плохо? Бог есть мысль о поклонении человека со всеми, кто имеет беременную belake в каждый оплаченного человека. И вы можете не бояться ума. И где же он говорит, что Бог оплаченный в виду, что мы не хотим, чтобы быть умным, мы не хотим, чтобы быть мудрым? Где «Текст из вида, что вы знаете меня»? Если не секрет, подделка нашей религии, мудрый, это будет лично думать об этом? Когда ум не останавливается, что религия. Прежде всего, что будет происходить на поклонение, когда я не исправить себя? Нет, ты Бог, не Бог, а Бог, кроме Бога, не Бог, а Бог, кроме Бога, не Бог, а Бог, не Бог, но беден. |