• А
  • Б
  • В
  • Г
  • Д
  • Е
  • Ж
  • З
  • И
  • К
  • Л
  • М
  • Н
  • О
  • П
  • Р
  • С
  • Т
  • У
  • Ф
  • Х
  • Ц
  • Ч
  • Ш
  • Э
  • Ю
  • Я
  • A
  • B
  • C
  • D
  • E
  • F
  • G
  • H
  • I
  • J
  • K
  • L
  • M
  • N
  • O
  • P
  • Q
  • R
  • S
  • T
  • U
  • V
  • W
  • X
  • Y
  • Z
  • #
  • Текст песни Алимкул Жибек - Ана

    Просмотров: 6
    0 чел. считают текст песни верным
    0 чел. считают текст песни неверным
    Тут находится текст песни Алимкул Жибек - Ана, а также перевод, видео и клип.

    Жаманнан жақсы, жақсыдан жаман туады.
    Кім үшін әжім, кім үшін жүзің қуарды?
    Менің өзім де жарытып сені ембегем,
    Ақ ана, бүгін, емшегің сенің суалды.

    Көтердің тіпті қатал тағдырдың жүгін де,
    Бір бақыт іздеп келерін сезіп түбінде.
    Тілекшім болар мәңгілік сенсің жан анам,
    Қамқоршың болар тірегің менмін бүгінде!

    Бақытсыз етпеуге беліңді будың бекініп,
    Кешіре білдің қалғанда оқыс жекіріп.
    Шаштарың аппақ білем ғой бәрін, білемін,
    Қара бояумен аласың бояп өтірік.

    Ақ күмбезім - ау ақ сарайымызға орнайтын,
    Гүл болса егер сыйлар ем саған солмайтын.
    Ақылшым болған, жанашыр болған жан анам,
    Сезіп тұрсам да, бәрі жақсы деп алдайтын.

    Көп шығар, бәлкім, тағдырға деген арызың,
    Алдыңда сенің өтелмейді - ау қарызым.
    Аялауменен құрмет көрсету бір басқа,
    Өзіңді мәңгі жырлап өту де - парызым!

    ©Дәуіржан ҚАМБАРОВ

    Опрос: Верный ли текст песни?
    ДаНет