МЕН САҒАН ӨКПЕЛЕМЕЙМІН
Әні: Марат Ильясов Сөзі: Мұхтар Шаханов
Алыстап кеттік расында,
Суынып кетті-ау сезім де,
Сен мені қарсы аласың ба,
Ауылыңа барған кезімде.
Қайырмасы:
Кеудемде ізгі ой қалдырған,
Жан едің, енді не деймін.
Шықпасаң шықпа алдымнан,
Мен саған өкпелемеймін.
Толғантқан осы ой көп мені,
Ажырап кетті жол неден?
Білмейсің оны, өйткені,
Кезінде білгің келмеген.
Қайырмасы.
Сен соны іштей ұғына,
Көрсетпей маған жасыңды.
Тек менің адалдығыма,
Кеткенсің иіп басыңды.
Қайырмасы.
I will not resent you
Song: Marat Ilyasov Lyrics: Mukhtar Shakhanov
We have really moved away,
Feeling cold,
Will you meet me
When I went to your village.
Chorus:
He left a good thought in my heart,
You were a soul, what can I say?
If you don't go out, don't go out in front of me,
I'm not angry with you.
This thought excited me a lot,
What's wrong with the road?
You don't know it because
You didn't want to know at the time.
Chorus.
You understand it inwardly,
Don't show me your age.
Only for my loyalty,
You left with your head bowed.
Chorus.