Сарбаз әні
Әні, сөзі: Батырхан Дәуренбеков
Біз жауынгер айбынды – барыс жүректі,
Жаттығумен шыныққан – құрыш білекті.
Қазақстан жері үшін жанын беретін,
Кәне кім бар жігіттер, бізге еретін.
қ/с
Мен жауынгер – дала қыраны!
Туған жерді қорғайтын – сақшы қырағы,
Адымда² саппен адымда.
«Отан үшін – ел үшін!» - әскер ұраны,
Мен жауынгер – қазақ ұланы.
«Отан» сөзі жүректе - әр кез тұрады,
Адымда, адымда, саппен адымда!
«Қазақстан» кең байтақ – мәңгі тұрағым!
Жау алдында тайсалмас ердің жүрегі,
Біз боламыз ертеңгі – елдің тірегі!
Ұйқы көрмей түн қатып, бейбіт ел үшін,
Қасық қанды қиямыз, қазақ жері үшін...
Soldier's song
Song, lyrics: Batyrkhan Daurenbekov
We are great warriors - the leopard's heart,
Exercised - steel arm.
Giving his life for the land of Kazakhstan,
And who are the guys who follow us.
q / s
I am a warrior - a steppe eagle!
The vigilant guard of the homeland,
Step by step.
"For the motherland - for the country!" - military motto,
I am a warrior - a Kazakh guard.
The word "Otan" is in the heart - always,
Step by step, step by step, line by step!
"Kazakhstan" is vast - my eternal home!
The heart of a man who will not give up in the face of the enemy,
We will be tomorrow - the backbone of the country!
For a peaceful country, without sleep,
Let's cut a spoonful of blood, for the Kazakh land ...