• А
  • Б
  • В
  • Г
  • Д
  • Е
  • Ж
  • З
  • И
  • К
  • Л
  • М
  • Н
  • О
  • П
  • Р
  • С
  • Т
  • У
  • Ф
  • Х
  • Ц
  • Ч
  • Ш
  • Э
  • Ю
  • Я
  • A
  • B
  • C
  • D
  • E
  • F
  • G
  • H
  • I
  • J
  • K
  • L
  • M
  • N
  • O
  • P
  • Q
  • R
  • S
  • T
  • U
  • V
  • W
  • X
  • Y
  • Z
  • #
  • Текст песни САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ - АРЫСТАНМЕН ТЫШКАН

    Просмотров: 2
    0 чел. считают текст песни верным
    0 чел. считают текст песни неверным
    Тут находится текст песни САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ - АРЫСТАНМЕН ТЫШКАН, а также перевод, видео и клип.

    Ну орманның ішінде, кірсең, керім арасы,
    Күнелтіпті арыстан, хайуандардың патшасы,
    Маймаңдаған аюғасондай ғашық болыпты,
    Емін тауып қасына бір күндері қоныпты.
    Сені жақсы көрем деп құлағына үйіпті,
    Еркелетіп ұртынан, тұмсығынан сүйіпті.
    Үңгірінен аюдың қапелімде шықпапты,
    Есі кетіп онымен қысы-жазы ұйықтапты.
    Ол ұйқыда жатқанда басқа заман келіпті,
    Коммунистер жеңіліп, демократтар жеңіпті,
    Ұлы Кеңес Одағы көп қашыққа бармапты,
    Жайлап, жайлап ыдырап, құлап, дымы қалмапты.
    Болған заңдар жойылып, жаңа заңдар шығыпты,
    Қарсы болам дегендер азап шегіп құрыпты,
    Ақшалы боп, үйлі боп кейбіреулер байыпты,
    Ал, біреулер нан сұрап алақанын жайыпты.
    Көргенсіздер, нәйістер, сауатсыздар байыған,
    Ұяты барлар ұялып, түк те баи алмаған,
    Байығандар билікті қолдарына алыпты,
    Қара жұртты құл қылып қара іске салыпты.
    Байып алған байлардың жасағаны зорлық дейд,
    Қарапайым халыққа көрсеткені қорлық дейд,
    Жемқорлықпен, ұрлықпен бар күндерін көред дейд,
    Танауларын көтеріп, бастықпыз деп жүред дейд.
    Үкіметтің жерлерін бөліп-бөліп алған дейд,
    Коттедждер, офистер, магазиндер салған дейд,
    Ақшаларын күн сайын шоттарына жинайд дейд,
    Мүліктері, заттары үйлеріне симайд дейд.
    Баяғыдай ешкімге қазір пәтер бермейд дейд,
    Өз қолыңмен салуғакүшің сенің келмейд дейд,
    Банктерден кредит алуыңа болад дейд,
    Ал, бірақта артынан жақсы етіп сорад дейд.
    Бәрі пара беред дейд, бәрі пара алад дейд,
    Жандарына ұялмай, бәрі пара салад дейд,
    Бастық ұрлық жасаса, полиция аяйд дейд,
    Пақыр ұрлық жасаса, полиция қамайд дейд.
    Ақша берсең томпитып бәрі саған көнед дейд,
    Адам емес, заң емес, ақша бәрін жеңед дейд,
    Документ те, оқу да, қызмет те, бақша да,
    Ар-ұят та иман да сатылад дейд ақшаға.
    Әкесі мен шешесін тыңдамайтын балдар дейд,
    Пенсияға жете алмай жылап жүрген шалдар дейд,
    Сәбилерін далаға тастап жатқан қыздар дейд,
    Әкелетін қарт үйге салып жатқан ұлдар дейд.
    Таяқ алып лақтырсаң, таяқ ұшып кетед дейд,
    Молламенен әншінің қақ басына жетед дейд,
    Күніменен түнімен телевизор сөйлей дейд,
    Ұрлау, зорлау, өлтіру дым да көргің келмейд дейд.
    Өзгерген дейд түгелдей қалалардың аттары,
    Өзгерген дейд түгелдей, көшелердің аттары,
    Жойылған дейд түгелдей керім-керім колхоздар,
    Жойылған дейд түгелдей керім-керім совхоздар.
    Алдыңда да артыңда плакат дейд қағылған,
    Оңыңда да солыңда ескерткіш дейд салынған.
    Толып жатқан қағаз дейд, толып жатқан шөлмек дейд,
    Толып жатқан пакет дейд, толып жатқан көтек дейд.
    Қайтайын деп үйіне арыстаның кетіпті,
    Көп кешікпей тышқанның маңайына жетіпті,
    Заман басқа, заң басқа, қайдан білсін арыстан,
    Жол бер, маған тышқан деп айқайлаған алыстан.
    «Неғып тұрсың алдымда қазық құсап қақшиып,
    Сығырайған көзіңмен маған қарап ақшиып,
    Ақылыңнан шатаспа, тыңда менің сөзімді,
    Арыстанмын, патшаңмын, аш, қанекей, көзіңді!»
    -Ал, ашпаймын көзімді, ал, ашпаймын, оңбаған,
    Ал, ашпасам көзімді, не қыласың сен маған,
    Арыстан бол, тағы бол, айтатыным мен сосын,
    Патша маған емессің, арыстан, сен чмосың.
    Шыныменен шіреніп, маған кет дегейсің бе,
    Менің кім екенімді әлде сен білмейсің бе,
    Әкем менің министр, мамам менің адвокат,
    Енем менің бухгалтер, атам менің депутат.
    Қалтасынан шығарып, соткасымен соғыпты,
    Біреулерге ақырып, астан-кестен болыпты,
    Полицийлер топырлап, көп ұзамай жетіпті,
    Арыстанды ұрыпты, арыстанды теуіпті.
    Қаруларын шығарып, оған қарап атыпты,
    Кінә тағып, мәні жоқ, бос сөздерді айтыпты,
    Тағы оны ұрыпты, тағы оны теуіпті,
    Жанын оның алыпты, емін оның беріпті.
    Ну орманды тышқандар бұ күндері билейд дейд,
    Сөйле десе, тек сонда арыстандар сөйлейд дейд,
    Әрбір, әрбір сөзіне көңілдерін бөлед дейд,
    Әрбір, әрбір ісіне арыстандар көнед дейд.
    Сайлау болса, у-шу боп, тышқандарды сайлайд дейд,
    Айқайласа тышқандар, арыстандар жайлайд дейд,
    Бәріне де риза боп, тым-тырыс боп жүред дейд.
    Арыстандар қазірде солай өмір сүред дейд.
    Ал, бірақта, айтарым, құтырмаңыз оншама,
    Шеті болад, әр заттың құтырғанмен қаншама,
    Бастықпыз деп, баймыз деп өзіңізше болмаңыз
    Онан гөрі ел жайын, халық жайын ойлаңыз.
    Дүниеге, ақшаға әбден, әбден тояйық,
    Жемқорлықты, ұрлықты – бәрін, бәрін, қояйық,
    Нәтижелі еңбекпен күнімізді көрейік
    Бар әлемге үлгі боп дұрыс өмір сүрейік.

    Мы рождены, довольно много денег,
    Давайте разместим коррупцию, кражу - все, все,
    Давайте посмотрим на наш день с продуктивной работой
    Давайте иметь модель для всего мира.

    Опрос: Верный ли текст песни?
    ДаНет