Серик Молдабеков (слова и музыка) Жан ана Күннен де ыстық мейірімді көргендеймін, Құшағыңа еркелеп енгендеймін, Дүниенің тасыған бар байлығын Ана сенің пейіліңе теңгермеймін. Қайырмасы: Жан ана, Біз үшін тер төгіліп жан жүдеді, Сен келсең дәл жанымда бақ жүреді, Баланың қайғысы мен қуанышын Ананың сезіп білер ақ жүрегі, ақ жүрегі. Ұрпағыңа ғұмырыңды арнағасын, Түсірмедің ешқашан ар бағасын, Өзіңдегі төзімнен қуат алып Сөзіңнен тауып келем жан дауасын. Қайырмасы: