• А
  • Б
  • В
  • Г
  • Д
  • Е
  • Ж
  • З
  • И
  • К
  • Л
  • М
  • Н
  • О
  • П
  • Р
  • С
  • Т
  • У
  • Ф
  • Х
  • Ц
  • Ч
  • Ш
  • Э
  • Ю
  • Я
  • A
  • B
  • C
  • D
  • E
  • F
  • G
  • H
  • I
  • J
  • K
  • L
  • M
  • N
  • O
  • P
  • Q
  • R
  • S
  • T
  • U
  • V
  • W
  • X
  • Y
  • Z
  • #
  • Текст песни Яссауи тобы - Ей, сопы

    Просмотров: 69
    0 чел. считают текст песни верным
    0 чел. считают текст песни неверным
    Тут находится текст песни Яссауи тобы - Ей, сопы, а также перевод, видео и клип.

    Ей, сопы, талап қылсаң Хақ Дидарын,
    Жаннан кеш, алқа ішінде жан қыйнағын.
    Алла үшін тәрік болсын бар жыйғаның,
    Талақ қыл түн ұйқыңды – өшсін мұндар.

    Ғашыққа Хақ рахметі жуық шығар,
    Өң – сынық, жүзін жаспен жуып сығар.
    Тамұққа менмендерді қуып тығар,
    Тозақта тәкаппарлар өтпес сын бар.

    Жарандар бұрынғы өткен аулақ кетті,
    Тақ – халас, жасы жуды саулап бетті.
    Сенің де ғұмырың тәмәм – нәубет жетті,
    Тәуба қыл күнің үшін ей, пәтшағар!

    Не істемес ит-нәпсіге берсең ерік?! –
    Алла – жат, еңіресең де өршеленіп.
    Жеңілсең – тіріледі, жеңсең – өліп,
    Ұйқыңды құстай үркіт түнде шырмар.

    Шығармас нәпсі деген - түрме-құлып,
    Аздырар жолдан бұрып мүрде қылып.
    Шайтанмен сүрдің өмір бірге жүріп,
    Нәпсіні, нәпсіні теп, ей, пәтшағар!

    Тұлдырсың нәпсіге ерсең ақырдемде,
    Қосады діннен қуып кәпірлерге.
    Өлерде иман кетер ғафыл желге,
    Нәпсіден ақылға ер де, болғын бизар.

    Перғауын Һарун кетті шайтанға еріп,
    Сондықтан жер жарылды сойқан болып.
    Үлгісін Мұса Кәлим айтар келіп:
    Екеуін үлгі алмаған Құдай қарғар!

    Момындар жинап өтер Ар мен Ғылым,
    Хақ үшін құрбан қылды Жан мен Ділін.
    Дүние емес, ақыретке пәрменді кім? –
    Сол жанға үр мен нөкер бәрі даяр!

    Намаз бен руза тұтқан күлер тақтан,
    Бар халық сол бір жанды тілер Хақтан.
    Ондай құл қиямет күн жігер тапқан,
    Ол ұлды періштелер құптап тұрар.

    Хауыз бар жарандарға ем сауда қылған,
    Ғашықтар татады оны тәуба қылған.
    Қайығы тәубасыздың аударылған,
    Ішер-дүр ол бейбақтар улы зәһар.

    Бір күні қияметтің – мың жыл болар,
    Санынша бұл дүнияның құрдым болар.
    Қайым күн жетпіс мың жыл сүргін болар, –
    Тәубашыл құлдар үшін туды баһар.

    Кім Хақтың құлы болса – Хаққа жақсын,
    Тәкаппар, қалай бері аттамақсың?!
    Құл Ахмет, нәпсі тыйып, дат қыламын,
    Пірмұған тағар ма екен ақ тұмарын!?

    Опрос: Верный ли текст песни?
    ДаНет