• А
  • Б
  • В
  • Г
  • Д
  • Е
  • Ж
  • З
  • И
  • К
  • Л
  • М
  • Н
  • О
  • П
  • Р
  • С
  • Т
  • У
  • Ф
  • Х
  • Ц
  • Ч
  • Ш
  • Э
  • Ю
  • Я
  • A
  • B
  • C
  • D
  • E
  • F
  • G
  • H
  • I
  • J
  • K
  • L
  • M
  • N
  • O
  • P
  • Q
  • R
  • S
  • T
  • U
  • V
  • W
  • X
  • Y
  • Z
  • #
  • Текст песни Apollo - Finita La Comedia

    Просмотров: 1
    0 чел. считают текст песни верным
    0 чел. считают текст песни неверным
    Тут находится текст песни Apollo - Finita La Comedia, а также перевод, видео и клип.

    Finita La Comedia

    [Apollo]
    Иә, өмір - атылған жебе,
    Тежей алмайсын оны, болсан да шаолиньдік шебер.
    Жетерде жебе жүзі жедел жоғалады жігер,
    Және қаласын күйініш шегіп, өліммен жеке.

    Ширегінде серуен, теломерлер еруде,
    Медицина, оның кері кетуіне бер үдеу.
    Finita La Comedia! Бәрі де бітеді, иә,
    Жауапты қатпайды бұған, тіпті, Wikipedia.

    Әзірәйіл қайтіп сездіреді салқын демін?
    Дегенмен, бұл үрей сөндірмейді ақын еркін.
    "Керек саған иман," - деп естігенмін талай рет,
    Олар қызық сынды қыздар орындаған рэп.

    Туғаныңда жылап, ал көзіңді жұмарда күл,
    Топыраққа енбеймін, жанымның таңдауы - күл.
    Media vita sumus in morte - күнделікті күй,
    Өмір музыка болса, менікі - домбырамен күй.

    Хикаяның соңында баспайды бетті мазар,
    Желменен жарыса, табармын мәңгі маза.
    Санаммен санасып, әр күзімді кешермін,
    Кетерде қалса жауым, айтап оған: "Кешірдім..."

    Білмеймін, алда қандай күтеді жаза?
    Алыстым құранмен, алыстатып жаңа заң.
    Күллі жүректегіні жүрем рэпімде жаза,
    Finita La Comedia! Жасамайық жаназа.

    "Суынан да, уынан да құтылармыз жоқ болып," -
    Деп Шәкәрім айтып еді бұл тақырыпты шолып.
    Мысқыл Қорқыт атаның есімінде,
    "Бесік пен көр арасы тым қысқа," - деп мен күрсінем.

    Терең ойға түнде батып отырамын,
    Болыспайды барлық көріп, оқығаным.
    Тоңдырады тән, тіпті, Отан топырағы,
    Сірә, заманымен сай маған "Футурама".

    Мағынасы жоқ басынан қатігез ащы сың,
    Шам сөнгенде баршамызға - "Малевич шаршысы".
    Мүмкіндіктер сарқылғанда өмір етегінде,
    Билейді ме күлкі, әлде түңілі келбетімде?

    Бүгіннің өзінде өмірдің бітпес машығы,
    Қайта-қайта жаңадан Пандорра сандығын ашып,
    Артық "мульхид" атағы, болғанша соқыр қажы,
    Алла қолдамаса дағы, көрмедім әлі қашып.

    Apollo'ға "Übermensch" айықты лауазым,
    Әкет уағызыңды, мейлі, бол сен Лао Цзы.
    Фәни мыңжылдық болса да, қанбас еді шөлім,
    Қарашаның соңы. Қорқытады өлім.

    Опрос: Верный ли текст песни?
    ДаНет