Сен менің өміріме әкелдің ырыс пен береке
Сен үшін өмірімнің бәрін берер ем
Бәрі керемет
Шайқалмасын кереге, бақыт сығалайды бізге ашық тұрсын терезе
Қоя салып жан жаққа бөлінбейтін шекараны
Жақсартайық оданда алыстаған екі араны
Сенің бейнең елестейді қолыма алсам гитараны
Сенен басқа аруларды кейін қарай қайтарамын
Тарт тарт мені өзіңе жақын тарт
Шақырымдар артта қалды келем саған ақырындап
Сен туралы өтсін мейлі айлар жылдар ән саламын
Перделері ашылады сен дегенде ой санамның
Ойлай берем мен сені
Самал жел еседі
Ойлағанда жүрек
Қап қара бір түнек
Тен шығып алып іздейм
Үмітімді үзбей
Күттім сарғайған күздей
Ешкімде жоқ бақыт біздей
Қолыма қаламымды алып
Бейнеңді ойыма салып
Қолданам түрлі бояу қанық
Жанымның дауасы сенсің анық
Жаныма жаңаша толқын әкелдің
Кездесу ойлаймын болмад бекер
Қылықтарың жаным шекер шекер
Қасымнан кетпе болды жетер