Сәуір, жаңбырлы сәуір,
Біз көрістік ақыры,
Қол ұстастық ақыры.
Көзді ашып жұмғанша
Уақыт тез өте шықты,
Біз соңғы рет қоштастық.
Сол кезде түсінбедім мен
Неге дәл екеумізге
Тағдыр қатал екенін.
Сол кезде түсінбедім мен
Неге дәл екеумізде
Үміт оты сөнгенін.
Сонда да жіберме мені, қолымнан ұста,
Ерітейік біз бұл қатқан мұзды,
Арылайықшы біз жүректегі күмәннан.
Сонда да тыңдашы мені, сенші сөзіме,
Боламыз бірге , жоғалтпа төзімді
Біріктірер бізді аңсаған бір арман.
Күндер, апталар, айлар
Жылдар да өте шықты,
Жоғалды бұл қашықтық.
Тұрдың, сөзіңде тұрдың,
Бәрібір келем деген
Уәдеңді орындадың.
Сол кезде тағы түсіндім
Шын сенің сүйгеніңді
Мені бұл кез бойы.
Сол кезде тағы түсіндім
Мықты екенімізді,
Батыл екенімізді.
Тек енді жіберме мені, қолымнан ұста,
Ерітейік біз бұл қатқан мұзды,
Арылайықшы біз жүректегі күмәннан.
Тек енді тыңдашы мені, сенші сөзіме,
Боламыз бірге , жоғалтпа төзімді,
Біріктірер бізді аңсаған бір арман ;)